Тіркелу және дүкен ашу мүлдем тегін. Тегін тарифте 15 товар қоса аласыз. Көбірек товар қосқыңыз келсе — Базалық (25 000 ₸/жыл), Премиум (35 000 ₸/жыл) немесе ЖИ боты бар Премиум Плюс (180 000 ₸/жыл) тарифке өтуге болады.
Тіркеліп, дүкен ашып, Кабинеттегі "Товар қосу" батырмасы арқылы товарларыңызды оңай қоса аласыз.
Тариф бетіндегі WhatsApp батырмасы арқылы бізге хабарласыңыз. Төлемді Kaspi аударым арқылы жасауға болады. Төлегеннен кейін 10 минут ішінде тарифіңіз белсендіріледі.
Тіркелгеннен кейін дүкен автоматты түрде белсенді болады.
Тегін тарифте — 15 товар, Базалық тарифте — 100 товар, Премиум және Премиум Плюс тарифтерінде — шексіз товар қоса аласыз.
Дүкеніңіздің сілтемесі shoplink.kz/сіздіңатыңыз форматында болады. Мысалы: shoplink.kz/aibek-shop
Тариф мерзімі біткен соң автоматты түрде тегін тарифке өтесіз. Товарларыңыз жойылмайды, бірақ 15-тен артық товар жасырылады.
Барлық тауарларыңыз суреті, сипаттамасы және бағасымен бірге бір жерде жинақы орналасады. Клиенттер сіздің жеке сілтемеңіз арқылы кіріп, қажетті тауарды оңай таба алады. Кабинет арқылы әр тауардың қаралым санын және WhatsApp сілтемесі басылым статистикасын нақты көре аласыз — қай тауар танымал, қайсысы назардан тыс қалып жатқанын байқауға болады. Ал WhatsApp, Telegram топтарыңызға немесе Instagram профиліңізге енді тек бір ғана сілтемені қою жеткілікті. Бұрынғыдай жаппай суреттер жіберудің қажеті жоқ.